Астанада Атырау облысының мәдениет күндері өтеді

Шілденің 16-20 күндері аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Атырау облысының мәдениет күндері өтеді.

         Өнер апталығының шымылдығы Конгресс-холда Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Күй- керуен» атты концертімен ашылады. Сондай-ақ, 16 шілде күні Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің және «Айсұлу» сән үйі топтамасының дефиллесін тамашалауға болады. Ал, кешке ЭКСПО кешенің амфитеатрында «Атырау айшықтары» атты гала концерт өтеді.

ERA_9367

         Облыстық музейлер, кітапханалар, мемлекеттік мұрағат ұжымдары  «Мұнайлы ел, шырайлы ел –Атырау», «Атырау шеберлерінен ЭКСПО-ға тарту», «Атырау-өлке ырысы бағы шалқыған…» тақырыптарында өлке тарихы мен жетістіктерінен сыр шертетін көрмелерді елордалықтардың назарына ұсынады.

17 шілде күні «Нарын» ұлт аспаптар оркестрі «Сазды керуен» атты бағдарламасын ұсынса, Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театры әртістері «Жастар» театрында Иран Ғайыптың «Сүйінбай» драмасын сахналайды.

18 шілде күнгі мәдени шаралар эстноауыл мен Астана қалалық алаңында өтеді. Құрманғазы, Индер, Мақат аудандары мен облыстық халық- шығармашылық орталығы өнерпаздары өнерлерімен көпшілікті тәнті етпек.

М.Горький атындағы орыс театрында М.Отарбаевтың «Баянды бақ» драмасы қойылса, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы ұжымы Астана қалалық алаңында және «Байтерек» алаңыңда эстрадалық оркестрдің сазды бағдарламаларын тамашалауға шақырады.

 Айгүл ЕРТІЛЕУ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*