«Astana Arlans» командасының мүшелері аукционынан түскен қаржыны науқас балаларға табыстады

«Astana Arlans» командасының мүшелері аукционынан түскен қаржыны науқас балаларға табыстады. Қайырымдылық аукционының жалпы қоры 7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-29 at 17.24.50 (1)

26 мамыр күні Атырауда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны өткен болатын. Ойын соңында аукцион өткізіліп, “Astana Arlans” командасының спортшыларының қолғаптары ойнатылды. Аукционнан түскен қаржы 7 миллион теңгені құрады еді. Ал бүгін түскен қаражаттың барлығы науқас балалар еміне жұмсалды.

Атырау облыстық спорт басқармасымен бірге 2 миллион теңгені көмекке мұқтаж Элерса-Данлоса синдромына, цереброастеникалық синдромына шалдыққан, ДЦП және эпилепсиямен ауратын 4 науқас балаға табыстадық. Қалған 5 миллион теңгені Корея елінде ем алып жатырған Алима Көпейдің еміне жібердік, – дейді «Astana Arlans» командасының PR-менеджері Шыңғыс Түсібаев.

WhatsApp Image 2018-05-29 at 17.24.48 (1)

WhatsApp Image 2018-05-29 at 17.24.47

Ауыр диагноз қойылып, шұғыл түрде емге мұқтаж балалар туралы ақпарат қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен алынды.

Менің қызымда сирек кездесетін Данло Элерса синдромы. Оның еміне жыл сайын қомақты қаражат кетеді, сол себепті қалалық бөлімнен көмек сұраған болатынмын. Осындай қасиетті айда қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Біз шынымен күтпедік, – дейді қала тұрғыны Диляра Гилаева.

 

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*