АССАМБЛЕЯ ИНСТИТУТЫ – АТЫРАУДА ҒАНА!

 

Айта кету керек, университет жанынан ашылған Ассамблея институты биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі болды. Ассамблея жұмысымен танысу барысында Ералы Тоғжанов «Мәңгілік ел» деп аталатын кітаптар көрмесіне ерекше назар аударды. Мұндағы түрлі ұлт өкілдерінің тарихынан сыр шертетін кітаптардың көп жерден кездесе бермейтінін, тарихи оқулықтардың орталықтағы кітапхана қорына да қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол өзге облыстарда Ассамблея кафедралары болса, ал, институттың Атырауда ғана екендігін атап өтті.

Университет жанындағы жастар саясаты орталығының жұмысымен танысқан мейман студент жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысып отырған құрылымның ісіне сәттілік тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жауапты хатшысы Жанна Абузярова жаңа құрылымның аяқ астынан пайда болмағанын, оны құру осыдан үш жыл бұрынғы идея екенін айтты. «Дәлірек айтқанда, 2012 жылдың мамыр айында Қалмақ мемлекеттік университетінің базасында қазақстандық өнер және тарих орталығы ашылды. Одан әрі бұл бастама Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жалғасын тауып отыр. «Атырау-Астрахан: университеттер, өндіріс, елдің инновациялық дамуы» деген тақырыппен Астрахандағы мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе өткізген телекөпірдің де маңызы зор болды,» – деген ол ынтымағы мен достығы жарасқан, іргесі құтты көршілерді бұрынғыдан бетер жақындастырған Астрахан мемлекеттік техникалық университеті мен Атырау мемлекеттік университеті өкілдері арасындағы 2014 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырыл-ған осы шара екендігін атады. Бұл ретте Е.Тоғжанов оқу орнына қойылатын ең бірінші талап студенттерге сапалы кәсіби білім беру болса, екіншіден, осы жерден білім алған әрбір түлек Елбасы саясатын, әсіресе, қазақстандық келісімді нығайтуға атсалысып, оны насихаттауы қажеттігін баса айтты.

Университет жастарымен кездескен Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінде түрлі этностың басын қосқан қоғамдық институт екендігіне тоқталды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Ералы Тоғжановтың атаулы жыл аясында университет қабырғасында болып, жастармен кездесуін ерекше оқиғаға балады. Сондай-ақ,аймақ тұрғындарының 90%-нан астамы қазақтар болғанымен, облысымызда еңбек ететін шетелдік азаматтардың көптеп кездесетіндігін, Ассамблея жұмысын өрістету сол себепті бізге міндет емес, қажеттілік екендігін сөз етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың сапары одан әріАтырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалғасты. Ол жерде мейман өңірдегі 17 этномәдени бірлестіктің атқарып отырған жұмыстарымен танысты. «Қоғамдық келісім» үйінде орналасқан әр ұлт өкілдерінің бөлмелерін аралап, олардың салт-дәстүрлерімен танысып, атқарған істеріне зор ризашылығын жеткізді. Шара соңы түрлі ұлт өкілдері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*