ӘСКЕРИЛЕР САЛТ-ДӘСТҮРГЕ БЕРІК

Әскерилер арасында өткен бұл байқауға төрт команда қатысты. Олар әдеттегідей өзін таныстыру, патриоттық ән орындау, берілген сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар айту, бір ұлттың салт-дәстүрін сахналау сияқты турлар бойынша сайысты. Әділқазылар алқасының шешімімен «Сұңқар» командасы – үшінші, «Бүркіт» командасы – екінші, «Достық» командасы бірінші орынды иеленді.

– «Бес саусақ бірдей емес» демекші, әскери қызметшілердің бұл сайыста өздерін көрсетулері әрқалай болды. Сырт көздің байқағаны сол – подполковниктер Қ.Жәниев, М.Балмұханов, майорлар И.Кочкаров, Р.Нұрбабанов, капитан А.Момын, аға лейтенанттар Ж.Құрманбеков, Р.Қожақұлов, аға сержант А.Қыдырғожаев, сержант И.Рахматуллина, ефрейтор Н.Набереновалар үлкен дайындықпен келіп, көп қошеметіне бөленді. Жеңімпаз команда қыркүйек айында өтетін республикалық сайысқа, Астана қаласына баратын болады, – деді аталған басқарманың мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қызмет бастығы, капитан Ақбота Қапсаттарова бізбен арадағы әңгімеде.

Қуанарлығы, әскерилер арасында мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуді көздеп, оларды барынша тіл үйрену курстарына тартып жүрген Ақбота бұған дейін де түрлі мәдени-көпшілік шараның ойдағыдай өтуіне мұрындық болып жүр. Әсіресе, ол ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Абай оқулары» байқауын өте жоғары дәрежеде өткізді.

Барша атыраулық атынан республикалық сайысқа баратын жеңімпаз командаға сәтті сапар тілейміз.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Суретте: әскерилер

арасындағы сайыс.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*