ӘСКЕРИ ЕСЕПТЕ МҰҚИЯТТЫЛЫҚ КЕРЕК

Жиналысқа қала әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова төрағалық етіп, Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың бастығы, полковник Сейіткерім Арапбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Сонымен бірге, Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының солдаттарды тағайындау бөлімінің бастығы Жанаргүл Тілешова күн тәртібіндегі мәселе бойынша анықтамалық қорытынды жасап, кемшіліктер мен жетістіктерді атап өтті.

Жиналысқа қатысқан қала аумағындағы ұйымдар мен мекемелер басшылары, олардың әскери есеп бойынша жауапты орынбасарлары мен қызметкерлері өз есептері жөнінде баяндады. Басқосуда кемшіліктер сыналып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қорғаныс істері мәселелеріне қатысты іс-шаралар мен тапсырмаларды қалтқысыз орындаудың маңызы түсіндірілді. Қатысқан ұйымдар мен мекемелер басшылықтарына ескерту хаттары жолданып, хаттамалық тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, оларға бір ай мерзім ішінде өз мекемелеріндегі әскерге шақыру және жұмылдыру ресурстарын әскери есепке алу және әскери броньдау мәселелері бойынша кемшіліктерді түзеп, нәтижесін қалалық әкімдіктің жауапты маманына және қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармаға шұғыл хабарлау ұсынылды. 

 Ж.Дәулетқалиев,
Атырау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық, төтенше жағдай
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бас маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*