Қасиетті нысандар жылнамасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандары» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бөлім басшысы А.Екімбаева мен жергілікті өлкетанушылар қатысып, бұл жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруға бағытталғанын айтты.

Қасиетті нысандар жылнамасы222

Музейдің экспозициялық көрмелік жұмыс бөлімінің әдіскері  Е.Тілекқабыловтың хабарлауынша, басылымдарда Қазақстанның жалпыұлттық, өңірлік қасиетті орындарының тізімі мен тарихы жинақталып топтастырылды. Енді кез келген оқырман еліміздің батысы мен шығысындағы, оңтүстігі мен солтүстігіндегі қасиетті жерлердің тарихын қос жинақтан біле алады.

Үш тілде жарыққа шыққан «Қазақстанның жалпыұлттық нысандарында» 185 киелі мекеннің арғы-бергі тарихы қамтылды. Олар ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық, ортағасырлық қала орталықтары, діни және ғибадат орындары, тұлғалар мен саяси, тарихи оқиғаларға қатысты бес топқа жіктелді. Ал, «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» қазақ және орыс тілінде мың данамен оқырманға жол тартты. Бұл тізімге 500-ге жуық нысан енгізілді, – дейді Е.Тілекқабылов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*