Қасиетті Мәуліт жамағатты біріктірді

Мәуліт мерекесі Атыраудың барлық аудандарында ерекше салтанатпен атап өтілуде.

0016 (9)

Мәселен, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында жамағат Мәуліт кешін облыстың бас имамымен бірге атап өтті. Жергілікті мешітте жұма намазын оқыған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күнін құрметпен еске алудың артықшылықтарына, Мәуліт айының қадір-қасиетіне тоқталып өтті.

0024 (5)

Одан әрі шара «Адамзаттың абзалы» тақырыбымен  «Кең Жылыой» мәдениет үйінде өткен рухани кешке ұласты. Кеш барысында «Біләлдің азаны» атты театрлық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Жаратушы Иемізге, Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с)  деген ерекше құрметті паш еткен көрініс көрермен көңілінен шықты. Жоғары шеберлікпен орындалған иләһи әуендердің, көрсетілген бейнебаяндардың тағылымдық мәні зор болды.

0016 (11)

Кеш барысында аудандық мешіттің қайырымдылық бағыттағы іс-шараларына белсене араласып, қолдау көрсетіп келе жатқан бір топ азамат «Алғыс хатпен» марапатталды.

0018 (8)

Осындай тағылымды шара Индер, Махамбет аудандарында да болып өтті. Аудан жамағаттарын облыстың бас имамы Батыржан Мансұровпен бірге, Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Айбек Аташев, теолог Мейіржан Рахматулла да арнайы барып құттықтады.

0016 (14)

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*