АШЫҚТЫҚ – ТАБЫСҚА БАСТАР ЖОЛ

Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылай қолдауымен өткізілген шарада «Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы: жергілікті деңгейде тиімді өзара әрекеттестік» тақырыбы талқыға түсті.
Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігінің энергетикалық және экономикалық саясат мәселелері бойынша кеңесшісі Лейля Шамельдің айтуынша, 2002 жылы Англиядағы мұнай компанияларында жемқорлық көріністері пайда болған. Жемқорлықпен күрес жұмыстары жүргізілгенмен, бұл ел әлі күнге дейін өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы құрамына енбеген. Бұл ретте біздің елдің көш ілгері кеткенін атап айтқан жөн.
Астана, Алматы, Ақтау, Орал, Ақтөбе қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдар белсенділері арнайы келіп қатысқан конференцияда сарапшы Жәнібек Хасан өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасының ұлттық деңгейінде халықаралық тәжірибені жүзеге асыру төңірегінде толығырақ баяндаса, әр аймақтан келген өкілдер өз облыстарындағы осы бағыттағы жұмыстары жөнінде хабарлады.

А.МҰРАТҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*