АШЫҚТЫҚ ІСКЕ ПАЙДА

Конференцияда аталмыш қордың атқарушы директоры Ұлықбек Тналиев Қазақстандағы өткен жылғы жергілікті бюджет ашықтығы индексінің зерттеу нәтижесін ұсынды.
«Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында барлығы 16 әкімшілік-аумақтық бірлік индексінің анықталуы негізгі нәтиже болып көрсетілген зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысында ең жоғары 72 балл жинаған Шығыс Қазақстан облысы болса, екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы 49 балды жинады. Ал, еліміздің батыс аймағындағы көршіліс облыстармен салыстырғанда Ақтөбе облысы 33, Атырау облысы 36 балл жинаса, Батыс Қазақстан облысы – 41, Маңғыстау облысы 28 балды көрсетті» деген Ұлықбек Тналиев бұл жұмыстарда жоғары көрсеткішке жету үшін жергілікті бюджетке қатысты комиссия отырыстары жабық түрде емес, ашық түрде өткізіліп, оған БАҚ өкілдері міндетті түрде шақырылуы керектігін баса айтты.
БАҚ өкілдерінің жолдаған сауалдарына орай бюджет жобасы мен құжаттамаларын дайындау кезінде көпшілікпен пікір алмасу, сонымен бірге бюджетті дайындау үдерісінде мәслихаттардың рөлін арттыру, бюджетті бекіту алдында күні бұрын тұрғындарға толық мәлімет беру, қоғамдық тыңдау жүргізу және жұртшылықтың талқылауымен пікір алмасу үдерісі кезінде жаңа технологияларды пайдалану керектігі жөнінде кеңінен айтылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*