Ашық қоғамды алға жетелеген күш

Кеше Астанада  VII Азаматтық форум  болып  өтті. Оның жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен  400-ге жуық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  қатысып, ашық пікір алысты.

%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc

Форумға қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауын жолдады. Онымен  Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова таныстырды.

«Қымбатты достар! Тәуел-сіздіктің 25 жылдық мерейтойы жылында барлық еліміз біздің қазақстандық жолымыздың қорытындысын шығаруда. Оның ауқымды табысының маңызды бөлігі азаматтық сектор үлесімен тығыз байланысты. Азаматтық форумдар өзінің жеке еңбегімен, ел дамуының маңызды міндеттерін шешетін бастамаларымен қазақстандықтардың жалпыұлттық қозғалысын қалыптастырды. Азаматтық қоғамның рөлін арттыру – 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100  нақты қадам» Ұлт жоспарының маңызды мақсаттарының бірі. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен жасампаздық қызметтеріңіз әр-уақытта да біздің қоғамның әл-ауқатын арттыруға және елі-міздің Тәуелсіздігін нығайтуға бағытталатын болсын. VІІ Азаматтық  форум қатысушыларына жемісті талқылаулар мен жұ- мыстарында табыстар тілеймін»  делінген Елбасының құттықта-уында.

VІІ Азаматтық форумға ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қатысып, сөз сөйледі. «Аз уақыттан соң бүкіл ел болып мемлекетіміздің мәртебелі мейрамы – Тұңғыш Президент күні мен ұлтымыздың ұлық мерекесі –Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеміз. Олай болса, бүгінгі жүздесуімізді де ақ тілектен бастап, баршаңызды  ел өмірінде ерекше орны бар осынау мәнді де мағыналы мерекелермен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сөз жоқ, осында отырған көпшіліктің ел дамуына қаншалықты үлестеріңіз мол болса, Тәуелсіздігіміз бен Елбасының да өздеріңіз тасын өрге домалатып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өсіп-өркендеуіндегі рөлі  де талассыз. Өйткені, егемендіктің осы ширек ғасырында ашық қоғамның пайда болуына себеп Тәуелсіздік болса, оның дамуына жан-жақты жағдай жасаған, әрине, Елбасымыздың салиқалы саясаты» деді  Иманғали  Нұрғалиұлы.

Вице-премьер бүгінгі таңда Үкімет қолға алып отырған әлеу-меттік саланың бірнеше бағытын атап өтті және білім беру жүйесінің ерекше маңыздылығына тоқталды.

ҰБТ жүйесін жетілдіру мектеп бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын бөлуді қарастырады. Бұл бітірушілердің терең білімін, білімнің жүйелілігі, толықтығы, талдау, қорыту, жіктеу мүмкін-діктерін анықтайтын дағдыларын тексеруге бағытталады. Кәсіптік және техникалық білім беру саласында мамандарды даярлаудың дуалды жүйесіне көшу жүзеге асты. Бұл 2017 жылдан бастап тегін жұмысшы мамандықтарын оқыту барысында теория мен тәжірибе арасындағы кемшілікті жоюға көмектеседі.

Биыл Үкімет әлеуметтік тапсырысқа 9 млрд. теңге бөлді, бүкіл елімізде қоғамның сан түрлі бағыты бойынша екі мыңнан аса жоба іске асты. Жүздеген ұйым одан әрі  дамуға мүмкіндік алып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылды.

Форумда үкіметтік емес ұйымдардың ең үздіктерін марапаттау шарасы өтті.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*