ҚАШАҒАННЫҢ «ҚАРА АЛТЫНЫ» – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ!

Қазір құбырдың ақаулы жері жөнделді, оның қызметі қалпына келтірілді. Министрлік таратқан мәліметке сай, барлық жұмыстар республикалық және халықаралық қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. 
Жалпы, сәл шегініс жасасақ, кезінде Елбасының өзі «Болашақ» деп атаған зауыт Солтүстік Каспий жобасында негізгі нысандардың бірінен саналады. Ол биылғы 30 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның қатысуымен ашылды. Ал, Қашағанның алғашқы мұнайы зауытқа 11 қыркүйекте беріле бастады.
Бұған дейін де айтылғанындай, соңғы отыз жылдың үстіндегі уақытта ашылған ең ірі мұнай-газ кен орны ретінде әлемге әйгілі болып отырған Қашағанның геологиялық қоры 4,8 млрд. тоннаға бағаланады. Жалпы, 30 млрд. баррель мұнайдың он миллиарды алынуға жатады. Осының өзі ауқымдылығымен таң қалдырады. Бұдан басқа мұнда бір триллион текше метр шамасында табиғи газ да бар. Мұның бәрін дүниежүзі мамандары мен ғалымдары Қазақстанның мол байлығы ретінде бағалауда. Демек, кен орнын икемді игеру нәтижесі елімізді әлемдегі ең ірі «қара алтын» өндіруші мемлекеттер қатарына қоспақ.
Ал, Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, алдымыздағы жылы Қашағаннан 8 млн. тонна мұнай алынуы күтілуде. Биылғы қазанның өзінде ғана мұнда тәулігіне 75 мың баррель коммерциялық өнім өндірілмекші.
Қашағанның қазіргі тынысы мен келешегі туралы әлі талай жазылады. Ал, бүгін біз оқырмандарымызды кен орнының өнімі алынып жатқандығынан хабардар етуді жөн санадық.

М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*