Қашағандағы мұнай өндіру көлемі айына 650 мың тоннаға жетті

Қашаған теңіз кен орнының мұнай өндіру көлемі айына 650 мың тоннаға жетті. Бұл – соңғы жылдарда қол жетіп отырған едәуір жоғары көрсеткіш.

i

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда мұнда 319 адам қызмет етіп жатыр. Кен орнында бұрғыланған қырық ұңғыманның жиырмасы «Д» және «А» аралдарында, қалғаны қосымша арал-спутниктерде орналасқан. Бүгінде сегізі пайдалануға берілуде. Сөйтіп, ай сайынғы өндіріс көлемі анағұрлым артып отыр. Теңіз нысаны Батыс Ескене аумағында үш құбыр желісі арқылы жерасты өндіріс кешеніне қосылған.

Айта кетейік, ресми түрде Қашағанның геологиялық қоры 4,8 млн тонна мұнай деп бағаланған болатын. Ал, табиғи газ қоры 1 трлн. текше метрден асады.

Амандық Абдол

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*