Арыстаннан болған ажал

ЕГИПЕТ. Цирктегі қойылым кезінде арыстан жаттықтырушыға шабуыл жасады. Отыз бес жастағы Ислам Шахин есімді цирк қызметкері бір уақытта үш жануарды қадағаламақ болады.

8862fb5ad515a6436bc2f5d91b0dd35b

Алайда, жыртқыштардың біреуі оған шабуыл жасайды. Жаттықтырушының әріптестері оны құтқармақ болып, жануарларды қуып жіберген. Алайда, ер адам алған жарақатынан ауруханаға барар жолда көз жұмған. Оқиғаны көрермендер, оның ішінде, балалар да көріп тұрған. Цирк басшылығы адамға шабуыл жасаған арыстанды оқшаулап, оны ветеринарлар тексеріп жатыр.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*