Қарттарым, аман-сау жүрші…

Атырау қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партия-сы депутаттық фракциясының мүшелері облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b

Депутаттар Әнуарбек Салықов, Салтанат Рахымова және  Рахат Шәріповтер қарттарға жылы лебізін білдіріп, мұндай шараның алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатынын айтты және кір жуғыш машинаны сыйға тартты. Аталған мекеме басшысы Қилымқас Күзембаева қонақтарға ризашылығын білдірді.

Бұдан кейін қайырымдылық шара Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.  Өнерпаздар мен қарттар өткен жылдардың әуенін қосыла шырқады.

«Көңіл көңілден су ішеді» деген,  ескерусіз қалдырмай, іздеп келіп, көңілімізді көтергендеріңізге алғысым шексіз» – деген интернат үйінің тұрғындары Амангелді Ақбердіұлы, Мәди Омаров пен Күрес Сармановтар елдің амандығын тілеп бата берді.

Рита Жайғалиқызы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*