Қартаюды баяулататын әдіс табылды

Лондонда Бирмингем университетінің ғалымдары велосипед тебу қартаюды айтарлықтай баяулататынын анықтады, деп хабарлайды Medical Xpress порталы.

karttar3

Олар мұндай қорытындыға келу үшін зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу жұмысына 55-79 жас аралығындағы велосипед тебуді жақсы көретін 84 ер адам мен 41 әйел қатысқан. Сондай-ақ, олар темекі шегу, ішімдікке әуес болу сияқты зиянды әдеттен ада болған. Жұмыс қорытындысы бойынша ерлер велосипедпен 6,5 сағат ішінде кем дегенде 100 шақырым жүруі керек болса, әйелдер 5,5 сағат ішінде 60 шақырым қашықтықта жүруі керек болған.

Зерттеуге қатысушылар лабораториялық тесттен өтіп, оның қорытындысын спортпен айналыспайтын 57-80 жас аралығындағы 75 адам және 20-36 жас аралығындағы 55 адамның көрсеткіштерімен салыстырған. Зерттеу жұмыстары физикалық тұрғыда белсенді қатысушылардың бұлшықет күшін жоғалтпағанын дәлелдеді. Сондай-ақ, велосипед тебушілердің жасы ұлғайған сайын артық салмақ қоспайтыны және қандағы холестерин көлемі ұлғаймайтыны анықталған.

Университет профессорларының айтуынша, спортпен айналысу айырша безінің белсенділігін арттырады. Айырша безінің көлемі адам жасы ұлғайған сайын кішірейе береді. Жас адамдардың иммундық жүйесі қанша жасуша бөлсе, велосипед тебетіндердің айырша безі де сонша жасуша бөледі. Демек, велосипед тебетіндердің ағзасы баяу қартаяды екен.

Хорлан Смадияр

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*