САЯСИ НАУҚАНҒА – СОНЫ СЕРПІНМЕН

2015 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1952 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенттігіне өзінің кандидатурасын 2015 жылғы 12 наурызда ұсынған болатын.

* * *

2015 жылғы 26 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабы ашылды.

Ағымдағы жылдың 26 наурызынан 24 сәуірге дейінгі үгіт жұмыстары кезеңінде республикалық және өңірлік штабтар  бірқатар ұйымдастыру шараларын жүргізуді, соның ішінде, аймақтардағы сайлаушылармен кездесуді, халық сенген өкілдермен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауалды үгіт жұмысын жүргізу жоспарланды.

Штаб жетекшісі Р.Жоламанның атап өтуінше, штаб үгіт жұмыстарын жоспарлады, көптеген кездесулер өткізіледі. Атап айтқанда, бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтардың қызметкерлерімен кездесулер белгіленіп отыр. Қазақстанның барлық өңірлерінде сайлауалды штабтар құрылды, халық сенген өкілдер тіркелді. Әрбір ауданда ел заңнамасында көзделген үгіт шараларының бүкіл кешенін өткізу қарастырылуда.

Штабтың ашылуы кезінде Ә.Құсайынов сайлауалды бағдарламадағы көтерілген мәселелердің өзектілігін және осы келелі проблемаларға қоғамның назарын аудару қажеттігін атап өтті.

ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Қ.Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасының басты мақсаты – адам дамуы орайында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ілгерілеуге көшу міндеттерін қарастыру, кез-келген мәселеге экология проблемаларының есепке алынып отыруы қажеттігін көрсету, әсіресе, өндіріс қауіпсіздігі аса өзекті мәселе екеніне назар аудару болып табылатындығы мәлімделді.

* * *

27 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайынов Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесулер өткізді.

Алғашқы кездесу «ОБИС-Компания» ЖШС-інде өтті.Онда Ә.Құсайынов экологиялық және өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.

Президенттікке кандидат экология биология шеңберіндегі дербессіз пәннен кешенді пәнаралық ғылымға – айқын дүниетанымдық маңызы бар заманауи экологияға айналғанын да атап өтті.

* * *

28-ші наурызда Қазақстан Республика Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласындағы іргелі өнеркәсіп нысандарының бірі «Белкамит» ЖШС кәсіпорнында болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Дәл осы күні осындай жүздесу №7 қалалық балалар емханасында да жалғасын тапты.

Басқосу барысында Әбілғазы Қалиақпарұлы қатысушыларды өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, онда негізінен экология мәселелеріне басымдық берілгендігін мәлімдеді. Екі ұжымда өткен кездесу де ашық әңгіме, өзара пікірталасқа құрылып, соңынан Президенттікке кандидаттың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз алып, қорытындылады.

* * *

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың «Экологиялық және өндіріс қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз» тақырыбындағы сайлауалды бағдарламасы жарияланды.

Бағдарламаның басты мақсаты – адамзаттың дамуы аясында экологиялық тұрғыда қауіпсіз дамуға көшудің негізгі мәселелерін қарастыру және оны жүзеге асыруда экологиялық аспектілер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін ескеру қажеттілігін көрсету екендігі қаперленді.

* * *

29 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Елордадағы «Астана-Зеленстрой» АҚ кәсіпорнында болды. Кездесу барысында Әбілғазы Қалиақпарұлы кәсіпорын жұмысшы-қызметкерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырды. Басқосуда Президенттікке кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жайында әңгімеледі.

* * *

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов 31 наурызда Қостанай қаласында болып, жұртшылықпен жүздесті.

Кездесуде Әбілғазы Қалиақпарұлы қала жұртшылығын өзінің сайлауалды бағдарламасының экологиялық мәселелерді айқындауға негізделген басым бағыттарынан хабардар қылды.  

Бүгін сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қостанай облысындағы штабының жұмысы таныстырылды.

Сайлау алды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Қостанай облысындағы сайлауалды штабта ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленген.

* * *

1 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов қаладағы «Қостанай су» коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен де кездесті. Ол жиналғандарды сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Осы басқосуда Ә.Құсайыновтың сайлауалды штабының жетекшісі Бауыржан Тибеев те сөз кезегін еншілеп, өз пікірімен бөлісті.

Б.Тибеев атап өткендей, аймақта сайлауалды штаб қызу жұмысқа кірісті, үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді. Алдағы уақытта үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп, бірқатар іс-шаралар өткізіледі, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кездесу өткізу жоспарланған. Б.Тибеев штаб кеңсесі журналистер мен бақылаушылар үшін әркез ашық екенін атап өтті.

* * *

2 сәуірде ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Молсервис» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуде сөз алған Президенттікке кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Ольга Клишина да ғаламшардың жарқын болашағы әр адамның табиғи ресурстар мен жануарлар әлеміне деген саналы әрекетіне тәуелді болатынын алға тартты.

* * *

Сол күні ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайынов Петропавл қаласында «Қызылжар су» ЖШС ұжымымен де кездесті.

Серіктестіктің жұмысшы-қызметкерлерімен жүздесуде кандидат оларды экологиялық мәселелерді арқау еткен сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, ұсыныс-пікірлерімен ортақтасты. Өз кезегінде Президенттікке кандидаттың республикалық штабының жетекшісі Рүстем Жоламан да экологиялық түйткілдердің маңыздылығына тоқталып, оны дер кезінде шешуге жүмыстану қажеттігін атап өтті.

* * *

6 сәуірде Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов Астана қаласындағы кеңсесінде кезектен тыс сайлауды өткізу жөніндегі Республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесті. Әбілғазы Қалиақпарұлы аталған комиссияның мүшелеріне республикалық сайлауалды штабтың жұмысы туралы қысқаша мәлімет берді.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы аймақтық штабтары, сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде.

Шығыс Қазақстан облысында үгіт-насихат материалдарын ілуге арналған 33 нүктеге 4 мың үнпарақ орналастыру көзделген.

* * *

7 сәуірде ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қызылорда қаласында жұртшылық өкілдерімен жүздесті. Ол сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

* * *

7 сәуірде Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов Қызылорда облысының орталығындағы медицина колледжінде де кездесу өткізді. Ондағы ұстаздар ұжымы мен студенттерді өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстыра келіп, бағдарламаның басымдық берілген бағыттарына көңіл бөлді.

* * *

Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабтары сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.

Кандидаттың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы сайлауалды штабтарының сайлау науқаны бойынша міндеттері айқындалды.

Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр.

* * *

8 сәуірде ҚР Президенттігіне  үміткер  Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен жүздесті. Ол жиынға қатысушыларды сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарынан хабардар қылды. Кандидаттың аймақтық штабының жетекшісі Болат Рысқұлбеков тұғырнаманың экологиялық мәселеге негізделгенін атап өтті.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті.

* * *

10 сәуірде Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов ел ордасы – Астана қаласындағы республикалық штабында кезектен тыс Президенттік сайлауды байқау жөніндегі Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) миссиясының басшысы Корнелия Йонкер ханыммен кездесті.

* * *

13 сәуірде ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов «Тұран-Астана» университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кандидат кездесуге қатысушыларды негізінен экологиялық проблемаларды қозғайтын сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

* * *

ҚР Президенттігіне үміткер  Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологиялық мәселелерді айқындап, шешуге негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды.

* * *

14-ші сәуірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе қаласында болып, осындағы кәсіби білім беру орындарының бірі – Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

Жүздесу барысында Әбілғазы Қалиақпарұлы кездесуге қатысушыларды өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

* * *

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын таратумен айналысуда.

Дайындаған Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз