ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ – ЕЛ ІШІНДЕ

15 наурыз. Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Нұрсұлтан  Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат  ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап, 560 мыңнан астам қол жиналды.

* * *

19 наурыз. Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаев өз кандидатурасын қолдау үшін құрылған Республикалық қоғамдық штабтың жұмысымен танысты.

Штабқа келген Нұрсұлтан  Назарбаев Үгіт және сенімді өкілдермен жұмыс жөніндегі орталықтың және Ахуалдық орталықтың қызметімен танысты. Өңірлік қоғамдық штабтар басшыларымен және мүшелерімен бейне-мәслихат режимінде ұйымдастырылған кеңесті ашқан Мемлекет басшысы алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты.

* * *

26 наурыз. Елордалық «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевты қолдау форумы өтті. Шара сайлау науқанының үгіт кезеңін бастап берді.

Форум қатысушылары  – Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Республикалық қоғамдық штабының, Астана қалалық қоғамдық штабының мүшелері, халық сенген өкілдері және саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, ҚР Парламенті мен Астана қалалық мәслихатының депутаттары, жастар белсенділері, спортшылар, сондай-ақ, бизнес өкілдері болды.

* * *

27 наурыз. ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы (әрі қарай – РҚШ) мүшелері аймақтар бойынша насихат жүргізуді Қарағанды облысынан бастады.       

Еліміздің өндіріс орталығында өңір белсенділерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кеншілерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

* * * 

30 наурыз. Ел Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың РҚШ мүшелері Павлодар облысының өнеркәсіптік нысандарында болып, өңір активімен кездесті.

Павлодар қаласында штаб мүшелері Н.Назарбаевтың жақтастары – Қазақстан электролиз зауытының металлургтерімен, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауытының және Еуроазиялық энергетикалық корпорацияның  кеншілерімен, энергетиктерімен, сондай-ақ, Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіпорнының жұмысшыларымен, Павлодар өңірінің үкіметтік емес секторы өкілдерімен және Луганск ауылындағы мәдениет үйінде өндірістік кооператив ұжымымен де кездесу өткізді.

* * *

31 наурыз. Ел Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан  Назарбаевтың РҚШ мүшелері Өскеменде Үлбі металлургиялық зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және Шығыс Қазақстан облысы халқын әлеуметтік қорғауды үйлестірумен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Өскемен қаласында Үлбі металлургиялық зауытының тантал өндірісі цехының жұмысшыларымен кездесу болды.

* * *

1 сәуір. ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен, өңірге танымал құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилермен, сондай-ақ, цемент зауытының қызметкерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті.

* * *

2 сәуір. Ел Президенттігіне үміткер   Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматы қаласы активімен, студент жастармен, Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмысшыларымен кездесті, сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының мыңдаған жақтастарының форумына қатысты.

* * *

3 сәуір. Ел Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматы қаласына сапарының екінші күнінде зиялы қауым, ғылым және шығармашылық өкілдерімен, ардагерлер ұйымдарының және патриоттық клубтардың өкілдерімен, қала кәсіпкерлерімен кездесіп, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-на барды.

* * *

6 сәуір. Ел Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматы облысында болды. Бұл жерде олар студенттік жастармен, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның  (арнайы экономикалық аймақ) қызметкерлерімен жүздесті.

* * *

7 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Тараз қаласында болды. Мұнда олар Жамбыл облысының белсенділерімен, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты жұмысшыларымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті. 

* * *

8 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың РҚШ мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Шымкентте олар Ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты, Түркістан қаласының жұртшылығымен, Кентау трансформатор зауытының жұмыскерлерімен кездесті.

* * *

9 сәуір. ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына сапарының екінші күнінде ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Шымкент кәсіпорындарының жұмыскерлерімен кездесті.

* * *

10 сәуір. ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Қызылорда облысына барып, Сыр өңірінің облыс активімен, теміржолшыларымен және фермерлерімен кездесулер өткізді.

* * *

13 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Оралда студенттермен, Батыс Қазақстан машина жасау зауы-тының және  «АКАС» агрофирмасының қызметкерлерімен, облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.

Дайындаған Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз