ЖОҒАЛҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ДЕРЕГІ ТАБЫЛДЫ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызмет атқарған Зақаш Камалиденовтен жуырда сүйінші хат алдым. Онда Ресейдің бұрынғы Орлов (қазіргі Брянск) облысы,  Комарич ауданының Белый Колодец селосы көшелерінде жерленген (бүгінде бұл қаланың тек орны ғана қалған) он сегіз жауынгердің денесі табылғандығы жайында айтылған. Және бұл жауынгерлердің бесеуі жерлесіміз екені анықталып отыр.

 

Зәкең хатында жауынгерлердің туыстарына мекен-жайды нақты жеткізуді сұрайды. Сондықтан, аты-жөндерін сол күйінде жариялап, әрқайсысына жеке-жеке тоқталғым келіп отыр. Олар: Ибрагим Қурсайнов – 1915 жылы Новобогат ауданында туған, Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы (БЛКЖО) мүшесі, анасы Шарита Нуханова (аты Шәрипа болуы да мүмкін)  Бовой сельсоветінде тұрады (Бабан болуы да мүмкін), 1943 жылы 4 наурызда қайтыс болған. Қонай Қазгулов – 1920 жылы, Гурьев облысының Гурьев ауданында туған, әкесі Қазғұлов – новый штаб №19-да тұрады делінген. Урумбай Насиханов – 1908 жылы Новобогат ауданында туған, әйелі Ұнапаш Насиханова Забурында тұрады деп айтылады. Еркават Жүмалиев (Ерғанат Мұлаиев болуы да мүмкін) – 1941 жылы Мақат ауданында туған, әйелі Жүмашева Мақат ауданы, №3 аулсоветте деп айтылады. Алигбей Избергенов – 1914 жылы Маңғыстау ауданында туған, әйелі Педя(е) Азанова Маңғыстаудың Винлукаш колхозында деп жазылған. Аталған азаматтардың тікелей туыстары немесе оларды білетіндер болса, Атырау облыстық ардагерлер кеңесіне хабарласуларын сұраймыз.

Байланыс  телефоны:

8 (7122) 27-00-12.

Қатимолла РИЗУАНОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз