ТАРИХТА ҚАЛҒАН ЕСІМДЕР

Рас, тәуелсіздік таңы әкімшілдік-әміршілдік кеңес жүйесінің көбесін біржола сөкті. Кезінде тарихшыларымыз  бірауыз сөз айтуға бармайтын кеңес дәуірі тарихы қайта қаралып, тарихтағы ақтаңдақтардың орны толтырылуда.

Дегенмен, әлі де болса шынайы тарихи бағасы беріліп, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап ететін өткен күннің өзекті де, күрделі мәселелері бар. Сол себепті, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы төмендегі бірнеше сұрақты тарихшы-ғалымдар талқысына ұсынған болатынбыз.

  1.  Майдангер жазушы Василь Быковтың «Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды, ол тұтас дәуірді қамтиды, қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады» деген сөзі бар. Расымен де, соғыс тарихы әлі жазылып біткен жоқ. Оған берілер тиісті баға да бүгінгі ұрпақ тарапынан болуы керек сияқты. Осы орайда, қырық бірдің қырғынын «Ұлы Отан соғысы» деп атаудың ғылыми негізі жоқ» деген пікір қаншалықты қисынды?
  2.  Ұлы Отан соғысы тақырыбында қазақ жауынгерлеріне  қатысты нендей мәселелер әлі зерттелмей, қолға алынбай келеді деп ойлайсыз?
  3.  Сұрапыл соғысты көргендер мен қырғын куәгерлерінің балалары соғыстың алапат ауыртпашылығын, жеңістің шынайы бағасын жанымен түсінеді. Ал, бүгінгі ұрпақ, яғни өткен ғасырдың соңғы ширегі мен жаңа ғасыр басында дүниеге келгендер соғыс пен Жеңіс мәнін қаншалықты пайымдап жүр? Кітаптан оқып, кинодан көріп, ардагерлерден естіген мәліметтер жан жарасын толық сезінуге жол аша ала ма? Жалпы, бүгінгі ұрпақтың  соғыс туралы түсінігі қандай дәрежеде деп ойлайсыз? Соғыс тақырыбы патриоттық және ұлттық  тәрбиеде қаншалықты көрініс тауып отыр?
  4.  Жеңіс датасын қашанға дейін тойлауымыз мүмкін? Ардагерлеріміз де азайып барады…
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз