ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Томарлы елді мекеніндегі «Шағала» балабақшасында ұйымдастырылған «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» шарасы өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Балабақша директоры Айман Сүндетованың айтуынша, жас ұрпақ бабаларымыздың қан майдандағы асқан ерлігін біліп өсуі, саналарына тереңінен сіңіруі қажет.

 

Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагері Тұраш Көптілеуов ағамыз келген болатын. Ақсақал отты жылдарда көз көрген қиындықтарын, сындарлы сәттерді балаларға байыбына келтіріп айтып берді. Соғыстан кейінгі елдегі қираған қала, елді мекендерді қалпына келтірудегі қоғамның бір кісідей жұмылғаны да баяндалды. Майдангер аталарының әңгімесін ұйып тыңдаған балдырғандар келесі кезекте өздерінің өнерлерін ұсынды. Шағын сахналық қойылым қойылып, ән шырқалды, би биленді. Шараның мазмұнды өтуіне ата-аналар да өз үлестерін қосты. 

Бек АЙДАРАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз