СОҢҒЫ ОҚ АТЫЛҒАН СӘТ

Соғыстың 1414-ші күні

1945 жылдың 5 мамыры.

Ұлы Отан соғысының аяқталуына 4 күн қалғанда, яғни Берлинде сұрапыл майданның соңғы оқтары атылып жатқанда КСРО-да төртінші мемлекеттік әскери займ шығарылды. Оның КСРО бойынша жоспарлы сомасы жазылым жария етілген күннің ертеңінде-ақ таратылып кетті.

 

 Неміс-фашистерін талқандау операциясының аяқталар тұсы да таяу. Герман әскерлері соңғы күштерін жиып қарсылық көрсеткенімен кеңес әскерлерінің жойқын шабуылдарына шыдас берер емес. Германия қалалары мен елді мекендері жаудан тазарып жатты. Бүкіл майдан шебі жауынгерлерінің шабуылымен наурыздың онында басталған Моравск-Остравск операциясы  бүгін 55 тәулікте мәреге жетті. 317 мың адам қатысқан бұл операцияда 24 мың адам шығын болды.

Бұл күні Братиславск-Брновск операциясы да сәтті аяқталып, 2-Украин майданы әскерлері Словакияны, Братиславск мен Брновскіні жаудан азат етті. Хорватия мен Оңтүстік Австриядағы А.Лераның «Е» армиясы, Бавария мен Батыс Австриядағы Ф.Шульцтың «Г» тобының және фашистердің 19-армиялары ағылшын-американ әскер басшылары алдында  тізе бүккендіктерін мойындады.

5 мамыр күні Чехословакияның астанасы Прагада антифашистік көтеріліс бұрқ ете түсті. Оны басу үшін неміс командованиесі «Орталық» тобы армиясы күштерінің едәуір бөлігін жіберуге тура келді.

Дайындаған

Бақытжан ЖҰМАТ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз