ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН

Жақында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Атырау өлкесінде жұмыс жасап жатқан «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюримент» компаниясының менеджері Амин Мұстана бір топ ардагерлерге құрмет көрсетті. Бұл шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған – Атырау облыстық ардагерлер кеңесі.

 

Өлкеміздің экономикасын дамытуға үлес қосқан, қазір зейнет демалысындағы ардагер  Орынбасар Мұқтаров  сөз сөйлеп, компания басшылығына ризашылығын білдірді. Ардагерлердің бәрі де кезегімен сөз алып, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамуы  Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі екеніне тоқталып өтті. Көпті көрген қариялар елімізде, барша әлемде бейбіт те бақытты өмір болсын деп бірауыздан тілек айтты. Шараға қатысқан ардагерлер ұжымға ақ батасын беріп, алғыс білдірді.

Құрмет НҰРСАРИЕВ, ардагер, Атырау қаласы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз