БІР ДЕРЕГІ БОЛАР ДЕП…

Төрт жылға созылған қан майдан ешкімді аяған жоқ. Сұрапыл соғыс еңбектеген баланы да, еңкейген кәріні  де қанға бояды. Миллиондаған өмір қыршыннан қиылды. Талай боздақ майдан даласында көмусіз қалды.

Солардың бірі – Майлыбай Кадыров. Ол – майдан даласында із-түзсіз кеткендердің бірі. «Боздақтар» кітабында оның 1921 жылы әскер қатарына алынып, 1942 жылы соғысқа аттанғаны жазылған. Одан әрі 1945 жылдың қаңтарынан хабарсыз кеткені айтылады. Артында ұлы Әміржан Бәсенов қалған еді. Бүгінде ол да бақилық болды.

Естуімше, Майлыбай ата мен Кәбира ана Атырау қаласындағы Ракуш ауылында үйленіп, сонда тұрған екен. Майлыбай атамның отбасы туралы еш дерек білмейміз. Мүмкін, ұрпақтары, туыстары табылып қалар, оның қай жерде жатқанын білер деген ниетпен редакцияға хат жолдап отырмыз. Білетін деректеріңіз болса, хабарласуларыңызды сұраймын.

Жұмабике ӘЛДЕНОВА, зейнеткер.

Сағыз селосы, Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз