АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Атырау облысы тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі ұжымы атынан оның басшысы Марат Мурзиев Ұлы Отан соғысының  ардагерлері, «Фронтовичка» ансамблінің жетекшісі Анна Захарованың үйіне барып, Жеңіс мейрамымен құттықтады. Ұжым басшысы соғыс ардагеріне деген ізгі тілегін арнап, гүл дестесі мен теледидар тарту етті.

Анна Захарованың соғыста көрсеткен ерлігі бір төбе. Жасы тоқсанға таянған ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, татулық пен тұрақтылықты сақтауда біраз іс тындырып келеді.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз