ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАР ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Отбасы қатынастарын, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары жаңғыртылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мәлімдеді.

 

«Жалпыұлттық жоспарға жаңа іс-шаралармен толықтырылған «Болашағы біртұтас ұлт» жаңа бөлімі енгізілді. Оларды іске асыру халықтың отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға, жастарда отансүйгіштікті, азаматтық жауапкершілікті және рухани-адамгершілік  дамуды тәрбиелеуге септігін тигізетін болады», – деді спикер.

Естеріңізге сала кетсек, Жалпыұлттық жоспар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандықтардың адамгершілік құндылықтарын нығайту, мемлекеттің отбасы-демографиялық саясатын іске асыруға көмектесу.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз