МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА – ТИІМДІ ЖАҒДАЙ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға тиімді жағдайлар жасау бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы Ләззат Қалтаева осындай мәлімдеме жасады.

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі біліммен барынша қамту үшін білім беру мекемелерінің жанында түзету топтарын ашу ұсынылады. Сонымен бірге,  «Инклюзивті оқытуды дамыту» кешенді жоспары аясында ондай балалар үшін қосымша білімге қол жеткізудің мүмкіндігі артады», – деді спикер.

Ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдыз Омарбекова өз кезегінде өңірлерде арнайы білім беру ұйымдарын мультимедиялық оқыту құралдарымен, интерактив тақталарымен қамтылуын 100%-ға жеткізуге бағытталған жұмыс жүргізіліп жатқанын қосты. «Бұл балалардың әлеуметтенуіне, оларды оқытудың сапасын арттыруға жағдай жасайды», – деп қорытындылады спикер.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз