Бизнесті қолдауға ие болды

  Жолдауда көрсетілген Елбасы тапсырмаларын орындау барысында облыс әкімдігі шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдап келеді. Жыл басынан қаржылық емес, яғни, сервистік қолдау бойынша 500 шағын және орта бизнес субъектісіне бір мыңға жуық сервистік қызмет көрсетілді. «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша жүзден астам кәсіпкер оқу курсынан өтті. Осы бағытта «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша екі кәсіпкер Германияда оқуда жүр. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы өңдеу өнеркәсібі саласында Ұлттық қор есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы 7,9 млрд. теңгеге елу жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Демек, кәсіп ашамын деген жанды мемлекет ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы – кәсіпкерлік саласын дамытудың нақты механизміне айналды. Оның шеңберінде облыста нысаналы трансферттер есебінен биыл 1872,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Облыстық өңірлік үйлестіру кеңесімен алпыстан астам жаңа жұмыс орнын ашу үшін несие сомасы 300,6 млн.теңгені құрайтын 12 жоба мақұлданды. Атап айтқанда, елу миллион теңге несиеге Ұлттық қордан бір жоба және 44,8 млн. теңгеге 11 жоба кепілдендірілді. Мұның өзі отандық кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан зор көмек.

А.САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз