«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – халықаралық фестиваль

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Алматы облысының Іле Алатауы ұлттық саябағында «Мәңгілік Ел» халықаралық фестивалі өтті.

Ондағы мақсат – біртекті мәдени кеңістікті нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлерді, рухани құндылықтарды дамыту. Жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, ұлттық ат спорты ойындарын дамыту.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, фестиваль бағдарламасында қолөнер бұйымдарының көрмесі, халық музыкасынан концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әуесқойларға теріден, былғарыдан, күмістен, топырақтан бұйым жасауға мүмкіндік беріліп, түрлі тақырыпта шеберлік сағаттары өткізілді.

Шара шеңберінде Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Корея, Түркіменстан, Болгария және Венгрия елдері өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі садақ атудан II халықаралық фестиваль, «Турул» аңшылық құстары фестивалі және ат спорты ойындары өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында жасақталған этноауыл түрлі шаралардың басын біріктіріп, қазақ халқының тұрмыстық және мәдени дәстүрлерін паш етуге мүмкіндік берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз