ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Ассамблея бүгінгі күні Қазақстанның берекесі мен бірлігінің алтын діңгегі болып отыр.   Қазір Ассамблеяның беделі бүкіл әлемге әйгілі. Оның үлгісін өздеріне апарып, тәжірибесін зерттеп, үйреніп жатқан мемлекеттер көп.

Ұйымның алдында тұрған міндеттер үлкен. Бұрын Ассамблеяны ұлыстардың өз дәстүрлері мен тілдерін дамытатын орталықтары деп қана ұғынатын болсақ, енді оның еліміздегі бейбітшіліктің тірегі, халық арасындағы достық пен келісімнің ұйытқысы екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, ол біздің мемлекетіміздің өсіп, өркендеуіне, экономикасының алға басуына, халықаралық байланыстардың тереңдеп, ынтымақтастықтың арта түсуіне ұшан-теңіз үлес қосу үстінде.

 

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз