Бойында таланты бар бірнеше ұлт өкілдері балаларының өнерлерімен танысқан Айғанша Алдоңғарқызы кішкентай шеберлерге өз қолымен тоқыған бұйымдарын тарту етсе, шараға қатысқан жеке кәсіпкер Әлима Хабитова да балаларға арнап әкелген сый-сияпатын табыстады.
Түрі басқа болса да, тілегі, тірлігі бір балалардың туындыларымен танысқан олар сәби болса да бір-бірін жақын тартып, тілдесіп отырған балаларға қарап Ассамблея жұмысының нәтижесін көргендей болды.