«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ – ӘР ТҰРҒЫНҒА!

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізгі мәнін түсіндіру, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында кеңестер беру, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу мақсатында «Менің Қазақстаным» пойызынан бөлек, «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» пойыздары жолға шықты. Сапар барысында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, еліміздің алыс аймақтарында орналасқан елді мекендер тұрғындарына көмек көрсетілуде. Ең бастысы, акция аясында алыс бекеттердегі тұрғындар өз ісінің шеберлерінен көмек алатын болады.

 

«Асар» акциясы

Ассамблея жылы аясында «Асар» атты әлеуметтік ынтымақ және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қамқорлық акциялары өтуде. Жыл бойына жалғасатын мұндай игі шаралар Ассамблея жылының нақты істер жылы екендігін көрсетіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз