«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» деп аталатын жалпыұлттық акцияны жүзеге асыра бастады. Қарашаның 20-сы күні басталған жоба аясында еліміздің барлық өңірінде «Балаларға қуаныш сыйла!» және «Қамқор» тақырыптарымен шаралар өтіп жатыр.

 

Сонымен бірге, мемлекеттік этностық театрлардың сахналарында, облыстардың басты алаңдарында шығармашылық ұжымдардың ұйымдастыруымен қайырымдылық концерттері  де жоспарлануда. Ондағы мақсат – келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттай отырып, қоғамда мейірімділік қарым-қатынастарды, гуманистік идеяларды қалыптастыру, қазақстандықтардың, соның ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту.

Және де айта кетерлігі, қоғам қайраткерлерінің, меценаттардың, қарапайым халықтың қатысуымен өтетін қайырымдылық шаралардан, түрлі көрмелерден жиналған қаражаттың барлығы шұғыл медициналық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың отбасыларына, балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге, оңалту мекемелеріне таратылмақ.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз