БІЗ – БІРТҰТАС ХАЛЫҚПЫЗ

Осыдан 20 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бастапқы кезде ұлттардың басын қосатын жиылыс, кеңесу ұйымы ретінде жұмыс жасаса, бүгінде оның мән-маңызы  артып, мемлекетіміз үшін шешуші рөл атқаратын қоғамдық институтқа айналып отыр. Бұған кешегі өткен Ассамблеяның ХХІІ сессиясы айқын дәлел бола алады.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессия маған үлкен әсер қалдырды. Сессияда депортацияланған өзге ұлт өкілдерінің ешбірін де құқықтық тұрғыдан кемсітуге жол берілмейтіндігі жөнінде баса айтылды. Бастысы, мемлекетіміз бірлігі мен берекесі жарасқан қуатты елге айналды.  Шындығында, біздің еліміз өзге ұлт өкілдері түр-түсіне бөлмей, олармен  достық қарым-қатынас орнату арқылы елдің бірлігін сақтап, болашаққа батыл қадам басып отырмыз.

Ендігі мәселе – осы қолда бар бейбітшілігімізді баянды ету.

 

Зелімхан ЗУБАРИЕВ, Атырау облысындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз