ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Кеше Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде салтанатты шара өтті.

 

Жиынға қатысқан Ұлы Отан соғысының, еліміздің Қарулы Күштерінің ардагерлері мен әскери қызметшілерді облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Руслан Ниеталиев құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Шара барысында департамент бастығы аймақтың Қарулы Күштерінің үздік өкілдерін мерекелік медальдармен марапаттады. Батыс аймағының әскери прокуроры Жанболат Аекенов «С.Нұрмағанбетов атындағы естелік медалін», департамент қызметкері Айгүл Саспанова «Т.Бигелдинов атындағы естелік медалін» кеуделеріне тақты.

Ал, облыс әкімі атынан Алғыс хат департаменттің әскерден тыс дайындық бөлімінің бастығы Жасұлан Сатыбалдиевке табысталды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Смыслов, Қарулы Күштер ардагері Аслан Мұхамбеталиев және бірқатар сала мамандары департамент бастығы атынан Алғыс хаттарға ие болды.

Салтанатты жиын Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз