ӘСКЕРИ САПТА – «ЖАС ҰЛАНДЫҚТАР»

Исатай-Махамбет алаңында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында облыс мектептері арасында «Жас ұлан – 2015» әскери-патриоттық слеті өтті.  

 

Оны облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиев ашты. Слетке 13 құрама команда қатысты. Әр команда патриоттық әндер айтып, әскери әдіс-тәсілдерді көрсетті.

Әскери клубтардың саптық слетінің жеңімпазы болып бірінші орынға  Индер ауданының М. Әуезов атындағы орта мектебі ие болды. Екінші орын Жылыой ауданындағы №9 орта мектебіне берілді. Ал, үшінші орынды Атырау қаласындағы М. Өтемісұлы атындағы орта мектебі иемденді. Жеңімпаздарға кубок табыс етілді. Ал, «Жас ұландықтар» шараға қатысқан ардагерлерге ескерткіш сыйлықтары мен гүл шоқтарын ұсынды.

Бүгінде аймақтағы мектептер мен колледждерде 100 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Оған төрт мыңнан астам жас мүшелікке тартылған. 

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз