АРМАНЫНА ЖЕТКЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Руханият

 

«Біз – ұлы дала ұрпақтарымыз» деп Мемлекет басшысы жиын барысында айтып өткеніндей, қазақ –  ен далада еркін өсіп, ат мініп, тазы жүгіртіп, еркіндік, теңдік аңсаған арқайым бөлек халық. Қазақ үшін бос жатқан жер жоқ, бәрінің де иесі, киесі бар.

Төңкеріс пен алапат аштықты, одан қалса жаппай қуғын-сүргін мен Ұлы Отан соғысы жылдарында талай тағдыр теперіші мен әділетсіз саясатты бастан өткерген Қазақстан  аңсаған азаттықтың алғашқы жылдарында-ақ толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет қалды. Елбасының көреген саясатының арқасында халық­ара­лық нормаларға сәйкес  Қазақстан шекарасын айқындау, оны көр­ші­лер тарапынан мойындату және нығайту бағытында орасан зор мін­деттерді жүзеге асырды.

Кешегі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиын барысында да Елбасы тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктерімізді санамалай келіп: «Осы жылдарда дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашырап кеткен 1 миллионнан астам қандастарымыз елге оралды. Бұл көш – бүтіндік пен біртұтастықтың кемел үлгісі» деп мәлімдеді. Иә, қазақ көші ұлттық құндылықтарымызбен, күймесімен, берік іргесімен мәңгілікке бет алды.

Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, оған өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау. Міне, осы орайда ел ертеңін ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде осындай тағылымды шаралардың маңызы зор, берері мол.

Бұл бағыта біздің ұжымда да көптеген жұмыстар жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытқа жоспарлаған істеріміз де баршылық.

 

Бақытгүл ХАМЕНОВА,

Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің

директоры,

Атырау қалалық

мәслихатының депутаты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *