Арман Қалиев «Атырау барысы-2018» атанды

Қызылқоға ауданының палуаны Арман Қалиев «Атырау Барысы» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

dsc-0527

Жүз келі салмақта өнер көрсеткен палуан ақтық сында өзінен жиырма келі салмақтағы жылыойлық Бекболат Салықовты айқын басымдықпен жеңген болатын.

– Енді одан сайын жаттығуды арттыра түсіп, Атыраудан шыққан «Қазақстан Барысы» атанғым келеді, – дейді жеңімпаз Арман Қалиев.

Үшінші орынды Атырау қаласының палуаны Амандық Абылай еншіледі. Жеңімпаздар жүлде дәрежесі бойынша 200 мың, 100 мың және 70 мың теңгемен марапатталды.

Еске сала кетелік, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті футбол алаңында өткен спорт шарасында 16 палуан боз кілемде белдескен болатын.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*