Архив құжаттарына қолжетімділік артады

1484710384

«Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Бүгінде Атырау қалалық мемлекеттік архиві “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында құжаттарды жинақтау, саралау және зерттеу жұмыстарына қол жеткізді.

«Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» делінген мақалада. Жалпы, «Электрондық архив» бағдарламасының жүзеге асуы – құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, ізденуші зерттеушілерге архив деректерінен құнды мәлімет табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құжаттың цифрлық көшірмесінің сақталуына және зерттеушілер мен ізденушілердің санының ұлғаюына өз септігін тигізеді. Мұндай ауқымды бағдарламалар жаһандық сипаты мен маңызын жоймайды және ұлттық сананың сілкінуіне әсер етеді.

Архив – Мәңгілік елдің рухани мұрасын дамытатын, сақтайтын және насихаттайтын ақпараттық орта. Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін, кемел келешегін зерделеп, жаңа заман тарихын қалыптастыратын қуатты орын. Архив құжаттары арқылы рухани бай жастарды тәрбиелеп, олардың игілігіне асыл тарихымызды аманат етеміз.

Біз – архив ісінің жаңа кезеңінде өз саламызды барынша кеңінен насихаттап, рухани және білімді орта қалыптастырып, елдің мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау жолында өз үлесімізді қосамыз.

Жаңылсын АЛПИЯРОВА,

Атырау қаласы мемлекеттік архивінің басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*