Ардагерлер – әрқашан да сапта

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл – 30 жыл. Айтулы датаға орай Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің бір топ мүшесі аудан мекемелерінде болып, кездесулер өткізді.

Ардагерлер – әрқашан да сапта

Ардагерлер алдымен аудандық ішкі істер бөліміне барып, ондағы жеке құраммен кездесті. Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Өтепберген Сарбасов, еңбек ардагерлері Адайхан Елубаев, Қаби Талпақовтар ұжыммен бірге сала қызметінің ардагерлерімен  пікір алмасты.

Бұдан бөлек ардагерлер Мақат локомотив пайдалану депосы мен Мақат желілік өндірістік басқармасында болды.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ауданда салтанатты шара да ұйымдастырылды. Шарада аудан әкімі Берікқали Сәрсенғалиев ардагерлерді құттықтап, ақсақалдарды елдің қоғамдық-саяси өміріне, жастардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесіне атсалысуға шақырды. Ардагерлерге Алғыс хаттар мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальдар табыстады. Еңбек ардагері Ислам Әбілғазиев сөз алып, ел дамуына қосып отырған үлестері барын айтты.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетов пен аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмағұлов құттықтау тілегін арнады.

Бүгінгі таңда ауданда тұратын 30309 халықтың 2413-і зейнеткер-ардагерлер болса, оның 2287-сі бастауыш ұйым есебінде тұр. 19 бастауыш ұйымында – бір Ұлы Отан соғысы ардагері, 60 тыл ардагері, 23 ауған соғысы ардагері, 10 Чернобыль апатына қатысқандар мен 12 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері бар.

С.ХАЛЕНОВ.

Мақат ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*