Ардагерлер өнер байқауында сынға түсті (ФОТО)

Атырауда Халықаралық музыка күніне орай «Өнерлінің өрісі ұзақ» атты еңбек ардагерлері арасында қалалық фестиваль өтті.

IMG_5701

Шарада сөз алған Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш, еңбек ардагерлерінің өнерін жаңғыртып, таланттарын халыққа паш ету – игі іс екенін баса айтты.

«Мұндай шара бірнеше рет өткізілді. Өнерлі ардагерлердің талабы зор. Біздің негізгі мақсатымыз – үлкендеріміз ұмыт қалмай, қоғамның беделді мүшесі ретінде ұрпақ тәрбиесіне атсалысу»,-дей отырып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_5700

Фестивальге қатысқан Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының «Халықтық» соғыс және еңбек ардагерлері хоры, Жаңаталап ауылдық клубының «Ақ әжелер» хоры, «Татулық» вокалды ансамблі, Еркінқала ауылдық клубының «Шынар-ай» ұжымы, «Гүлдерайым» Атырау ауылдық клубы және т.б. ұжымдар өнер көрсетіп, көрермен қауымын бір марқайтты. Халық сағынышқа айналған ескі әндерге шөліркеп, көңілдері жадырап, күміс көмей әншілермен сүйікті әндерін бірге қосылып шырқады.

IMG_5699

Жарысқа 100-ден астам еңбек ардагері қатысып, ән, көркемсөз, халық музыкасы жанры бағытында өзара сынға түсті. Сарапшылардың баяндауынша, олар әр жанр бойынша облыстық байқауға жолдама алады.

Фестиваль соңында қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар берілді.

Гүлдана Жамбозова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*