Ардагер ұстазға – айрықша құрмет

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ардагер ұстаз Нұржамал Қисметованы қабылдап, Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін тапсырды.

Ардагер __стаз__а Ц айры__ша ____рмет

Нұржамал Қисметова – қырық жылға жуық уақытын білім беру саласына арнаған жан. Ол биология, технология пәндері бойынша кәсіби байқауларда, облыстық, қалалық семинарларда ашық сабақтар өткізіп, өзінің іс-тәжірибесін, әдістемелік шеберлігін көрсете білген. Осы еңбектерінің арқасында «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және «ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақтың ою-өрнектері арқылы оқушыларды дәстүрлі өнерге баулу» тәжірибесімен облыстық педагогикалық оқуларда жеңімпаз атанған. Ардагер ұстаздың тәрбиелеген шәкірттері де түрлі байқауларда топ жарды.

Кездесуде аймақ басшысының орынбасары Нұржамал Көшекқызын мерейлі 70 жасымен құттықтап, білім беру, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалады.

Айгүл Ертілеу

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*