2018 жылы Атырауда 10 мектептің құрылысы аяқталады (ФОТО)

ЕАС 008 Білім

Келер жылы облыста он мектептің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, он сегіз балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжат жасақталуда. Балабақшалар ғимараты 2019 жылы аяқталып біткен жағдайда, мектепке дейінгі мекемемен тағы да 3130 бала қамтылады деп күтілуде. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айбар Нұралиев мәлім етті.

ЕАС 008

Баяндамашының айтуынша, 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджетті бекіту барысында, облыстық бюджеттен денсаулық саласына 468,2 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Сәйкесінше, Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында дәрігерлік амбулатория, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жалғасады.

ЕАС 031

Сонымен қатар, Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау, Жасқайрат ауылдарынан дәрігер мамандар үшін екі пәтерлік тұрғын үй салынады. Ал, Махамбет ауылында алпыс пәтерлік көпқабатты баспана тұрғызылады.

ЕАС 061

Тағы бір жаңалық, алға қарай қалааралық жолдардың қауіпсіздігі күшейеді. Мәселен, «Атырау – Ақтау», «Атырау – Орал», «Котяевка – Рубеж» автомобиль жолдарында жол полициясының тұрақты бекетін салу үшін, қомақты қаржы қарастырылып отыр. Және, облыстық маңызы бар «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады.

ЕАС 064

Бірнеше мәселе қаралған сессия жұмысында облыстық мәслихаттың Бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Баязи Әбдешев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз