12 күнде мыңға жуық атыраулық вакцина салдырды

img 20210201 wa0185 COVID-19: Соңғы поштадан...

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 1-12 ақпан аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.

«Оның ішінде аудандардағы емдеу мекемелерінің 273 қызметкері бар. Қалғаны – Атырау қаласында екпе алғандар. Вакцина алған медицина мамандарының денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны арнайы ашылған 24 орында салу жалғасып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз