22 мыңға жуық атыраулық әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылмақ

46predprin scaled 1 Жаңалықтар

Бұл туралы онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқарма басшысының айтуынша, 2022 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба бойынша жоспарланған әлеуметтік қолдау шараларына 21 751 адамды қамту жоспарланған.

Оның ішінде:

– 1 918 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
– 1 000 адамды «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне;
– 14 374 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру;
– 338 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына;
– 825 адамды жастар практикасына;
– 2 379 адамды қоғамдық жұмыстарға орналастыру және оқыту;
– 645 адамға өз ісін ашуға гранттарды беру;
– 91 жасы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына орналастыру және 37 жас – өткен жылғы жалғастырушылар;
– 18 адамды «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына орналастыру;
– 126 адамды «Күміс жас» жобасына орналастыру.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз