Атырау

«ТАЗА ҚАЛА – ТҰРҒЫНДАР БАЙЛЫҒЫ»

Осындай девизбен Атырау қаласындағы Сарыарқа мөлтекауданында сенбілік акциясы өтті. Шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және тазалыққа шақыруға, тұрғындардың өз үйі мен қаласын таза ұстауға үндеу.
«Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада жастар қала тұрғындарына тазалық туралы жазылған парақшалар таратып, қоқыс жәшіктерін дұрыс пайдалануға шақырды.
- Акцияға қатысушылардың көркейту, көгал¬дандыру жұмыс¬тары үзіліссіз жүргізілгенде ғана қаламыз жасыл желекке орана¬тыны, таза мекенге айналаты¬ны сөзсіз, - дейді ұйымдастырушылар.

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҮРЛЕРІ КӨБЕЙМЕК

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға енді электр плиталарын, аудиодомофон және лифт қызметін пайдаланғаны үшін жеңілдіктер көрсетілетін болды. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева мәлімдеді.

Читать далее »

«ЖАСЫЛ ЕЛДІҢ» ЖАНАШЫРЛАРЫ

Елімізде студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары құрылып, олар өңірлердің өркендеп дамуына және өлкемізде әсем ғимараттардың бой көтеруіне септігін тигізуде. Олар биылғы жазғы еңбек маусымында да аймақтың көгалдандыру жұмысына, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты. Міне, таяуда «Жасыл ел» жауынгерлерінің еңбегіне баға беру, оларға қолдау көрсеткен оқу орындары мен жұмыс берушілерді марапаттау мақсатында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жазғы еңбек маусымының жабылу кеші өтті.

Читать далее »

KEGOC ТАРИФТЕРІ 9 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРІЛЕДІ

2014 жылы KEGOC тарифтері тоғыз пайызға көтерілмек. Бұл туралы бейсенбі күні өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте компания басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев айтты. Оның баяндауынша, бұл компания активтерінің ағымдағы пайдалану деңгейін ұстап тұру, оның ішінде электр энергиясын сатып алу шығыстарының ұлғаюымен байланысты.

Читать далее »

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЕРТЕҢГІ ДАМУЫ БАС ЖОСПАР НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Биыл жергілікті бюджеттің есебінен бес аудан орталығының бас жоспары жасақталды. Сөйтіп, Құлсары қаласы мен Миялы, Махамбет, Аққыстау және Ганюшкин селоларының одан әрі дамуы нақтыланды. Ал, дүйсенбіде облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің қатысуымен осы жобалардың қоршаған ортаға қатысты бөлігі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

Жалпы, бұл жобалардың тапсырысшысы – облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы. Ал, бас жасақтаушы болып «Казгипроград-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленді. Қоғамдық тыңдауда баяндама жасаған осы мекеменің бас инженер-экологы Жанна Заридзенің айуынша, елді мекендердің санитарлық жайы, инфрақұрылымының орналасуы, санитарлық қорғаныш аймағының ахуалы, т.б. жан-жақты зерттелген. Жергілікті жерде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылып, халықтың пікірі білінген. Мамандармен ақылдасып, кейбір түйткілді мәселелер бірлесіп шешілген.

Читать далее »

АЛДЫМЕН — ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, СОСЫН ҚҰРЫЛЫС…

Аудан орталықтарында алдағы уақытта тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызылып, өндірістік аймақтар кезең-кезеңімен дамытылатын болады. Сондай-ақ, қоғамдық орталықтардың, аяқталған инженерлік және көліктік инфрақұрылымның дамыған жүйесі жасалады. Елді мекендерді дамытудың бас жоспарларының нұсқалары жөнінде облыстық әкімдікте өткен қала құрылысы кеңесі мәжілісінде сөз болып, аудан орталықтарын дамытудың бас жоспарының жобалық шешімі қаралды.

Читать далее »

ҚАЛА КӨРКІ – ӨЗ КӨРКІҢ

Мұнайлы өлке орталығы жыл сайын көркейіп келеді десек, артық айтқандығымыз болмас. Аспанмен таласқан ғимараттарды айтпағанның өзінде, алаңдар мен парктер ерекше көрік бергендей. Ендеше, осынау қалыпты сақтау үшін «ортақ үйімізді» таза ұстап, абаттандыру жұмыстарын уақтылы орындап отыру қажет. Ол үшін қалада санитарлық тазалық екі айлығы басталған еді. Өткен сенбі күні айлық аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараға атыраулық жастар да өз үлесін қосты.

Читать далее »

ҚОС ҚҰРЛЫҚТЫ ЖАЛҒАҒАН АТЫРАУ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕЛБЕТТІ ҚАЛАСЫНА АЙНАЛМАҚ

Елбасының өзі «Мұнайлы астана» деп атау беріп, айдар таққан Атырау қаласының әркез мәртебесі биік, мерейі үстем. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жыл санап шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы артып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері оңтайлы шешілуде. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары бүгін Қала күні мерекесін атап өтеді.

Читать далее »

ҚЫМБАТТЫ АТЫРАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ! ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Азаттықпен бірге арайланған, егемендікпен бірге еңсесін көтерген Атырау қаласының күнімен баршаңызды құттықтаймын!

Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихы терең, шежіресі бай шаһарымызды бүгінде күллі әлем қазақ мұнайының Астанасы ретінде біледі.
Бүгінгі Атырау - күмбезін көк сүйген ғимараттар мен қос құрлықты бөліп тұрған Ақжайықтың алтын білезігіндей алып көпірлер сәніне салтанат қосқан көркем қала.
Бүгінгі Атырау - әлемдік маңызы бар үлкен жобалардың алаңы, бірлігі мен берекесі жарасқан сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың құтты мекені.

Читать далее »