Мәселе

«КӨКЕЙКЕСТІ» МЕ, «КӨКЕЙТЕСТІ» МЕ?

Бұл күнде бұқаралық ақпарат құралдарында «көкейкесті», «көкейтесті» сөздерін орынды-орынсыз қолдану көбейіп бара жатқан сыңайлы. Бұл сөздердің негізгі байыбына барып, талдар болсақ, екеуі екі бөлек мағына береді.

Читать далее »

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ДЕ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек, Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә, бұл бір халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезең еді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді. 

Читать далее »

«Балық суында патша…»

baluksyaunda55бекіре тұқымын көбейтуге мүмкіндік мол, бірақ...
...Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын Жайық өзенінен жылына 30 мың тонна бекіре тұқымдас балық алынып, пәлен мың тонна қара уылдырық шығарылатын. «Атыраубалық» комбинатында дайындалып, қалбырларға салынып, таңбаланған қара уылдырық тек қазақстандықтардың ғана емес, әлем халқының назарын өзіне аударған нағыз «қазақстандық бренд» болатын.

Читать далее »

СӨЗ БЕН ІСТІҢ АРАСЫ

sozbenнемесе жергілікті маманды неге жүре тыңдады?

Жуырда Жылыой аудандық әкімдігінде «Аудан халқын жұмыспен қамту бағытында 2013 жылы мердігер ұйымдармен өткізілген жиындардың қорытындылары туралы» тағы да мәселе қаралып, оған Теңіз аймағындағы іргелі компаниялардың жауапты мамандарымен қатар, жергілікті колледж, лицей оқу орындарының жетекшілері де қатысты. Айта кету керек, бұл мәселе ауданға Мақсым Ізбасов әкім болып келгелі бесінші мәрте көтеріліп, ТШО-ның мердігер ұйымдарының жетекші буындарымен арада жергілікті мамандарды жұмысқа бірінші кезекте алу тақырыбы өткір қозғалды. Екіжақты ниет-хаттамаға және меморандумға қол қоюға алғашқы қадамдар жасалды. Нәтижесі қандай?

Читать далее »

АСЫЛ ҚАСИЕТ ЖӘНЕ АЗҒЫНДЫҚ

2232gfgdgБұл бір-біріне кереғар ұғымдардың
астарына үңіліп көрдіңіз бе?

Болашақ ұрпақтың тағдыры кім-кімді де ойландырады. Бір жасқа дейінгі бала шетінеуінің себептері бойынша екінші орынды иеленіп тұрған көрсеткішке келер болсақ, бұл – іштен туа біткен кемтарлық, оның қабаттасқан бірнеше органды қамтыған түрінің жиі кездесуі және бұл кесапаттың айрықша белең алуы. Осы мәселеге қоғам қазірден бастап белсенді түрде араласпайынша, ертең бәрі де кеш болады. Бұл кеселдің түрі медицинада хромосомдық аурулар, болмаса, геннің бұзылуы, шатасуы деп аталады.

Читать далее »

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Қазір дүние жүзінің ғалымдары мен мамандары таяу келешекте ауыз судың бағасы «қара алтын» құнынан да артып кететіндігін айтып, дабыл қағуда. Өздерінде өзендері мен көлдері жоқ елдер көрші мемлекеттерге көздерін сүзіп, бүгін-ақ тәуелділік қамытын киген. Мұнайды өзге энергетикалық қуаттармен ауыстыруға болар, ал бір ұрттам суды қайдан аларсың? Кейбір елдердің Антарктиданың мұзын ойып алып, тасымалдап жатқандығы содан емес пе? Жақында осында теңіз суынан он бір есе үлкен тұзды көл табылыпты. Ол тек 50 градус аязда ғана қатады екен. Ал, Арал теңізінің тартылуынан төрт миллион гектар шамасындағы жер құнарсызданған. Ойланатын жай көп.

Читать далее »

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!

7betadБұл әр адамның тікелей өзіне байланысты
Қазіргі таңда адамның орта өмір сүру деңгейі 70 жасқа жетті, бір жасқа дейінгі бала өлімі екі есеге дейін азайды, табиғи өсім мен туу көрсеткіші өсті, оны біздің Атырау облысының әлеуметтік көрсеткіштерінен де көруге болады. Мұның өзі – тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарғанының, олардың болашаққа деген сенімі артқанының, біздің мемлекетіміздің қандай қуатты елге айналғандығының айқын белгісі. Біздің бұл әлеуметтік көрсеткіштерді одан әрі пәрменді түрде жақсартуға толық мүмкіндігіміз бар, оның басты шарты – тұрғындардың өз денсаулығына деген ұрпақ алдындағы жауапкершілігi.

Читать далее »

МАҚАШТЫҢ ҮЙІ ҚҰЛАТЫЛМАҚ. НЕГЕ БҰЛАЙ?

3qweТәуелсіз Қазақстанның арғы-бергі тарихында елім деп еңіреген еңселі тұлғалар көп-ақ. Олар өздері өмір сүрген дәуірде туған халқы, оның байлығы мен барша жұртының мұрты бұзылмай мұраттарына жетуі, шекарасының шегінбей бодандықтан құтылуы үшін күресті.

Читать далее »

ТЕРМОЖАҢҒЫРТУҒА ТҰРҒЫНДАР РИЗА ЕМЕС

h1vf«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Атырау қалалық филиалында депутаттық фракциясының отырысы өткізілді.
Елбасы жүктеген нақты тапсырмалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында өткен отырысты фракция жетекшісінің орынбасары Бағыт Шеркешбаева ашып, жүргізді. Жиынға «Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Баймұхашов, фракция мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеде «2020 жылға дейін ҚР-ның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасының Атырау қаласында жүзеге асырылуы бойынша қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Нұрғалиевтың есебі тыңдалды.

Читать далее »

КӨНЕ КАНАЛДАР КҮРМЕУІ НЕМЕСЕ БҰЛ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАР НЕ АЙТАР ЕКЕН?

575757Жалпы, ежелден жері шөлейт, ылғалы тапшы Атырау аумағы үшін бір тамшы судың өзі алтынға сатып алғысыз қымбат. Оның үстіне, жыл санап Жайығымыз да тарылып, ол жоғары жағында түрлі бөгеттермен буылуда. Міне, осындай жағдайда көктемде келіп қалар суды барынша тиімді пайдаланып, шабындық пен жайылымды, егіндік жерлерді қамтамасыз етудің мүмкіндігі қандай? Осы орайда көне каналдар өзін ақтап отыр ма?

Читать далее »