Көзқарас

Сапалы тауар – бәсекелестікте

%d1%81%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%bb%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d1%83%d0%b0%d1%80-%d0%b1%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5

Бүкіләлемдік Сапа күні 1989 жылы еуропалықтардың бастамасымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен бекітілген-ді. Міне, содан бері атап өтіліп келеді. Бұл жолы ол Атырауда республикалық Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің ұйымдастыруымен  «Тиімді басқарудың пайдасы» тақырыбымен өтті.

Читать далее »

Мультфильмге телмірген сәби одан қандай өнеге алып жүр?

%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d1%82%d0%b0%d0%bc%d0%b0

Мультфильм туралы әңгіме қозғалса көпшілігіміз оған аса мән бере қоймаймыз. Оны тек баланың қызығып қарайтын дүниесі ретінде ғана қабылдаймыз. Мақала жазылмас бұрын ата-аналардан баласының қандай мультфильм көріп жүргенін білмек мақсатта сауалнама жүргізген едік. Нәтижесінде, ондағы кейіпкерлер былай тұрсын, не туралы екендігіне аса қызығушылық танытпайтынына көз жеткіздік. Бірақ, баланы білімді қылатын да, бүлдіретін де – осы мультфильм екенін ойладыңыз ба? Оларды ...

Читать далее »

Ақиқатқа айналған арман

%d0%b0%d2%9b%d0%b8%d2%9b%d0%b0%d1%82%d2%9b%d0%b0-%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd

Тәуелсіздік алған 25 жылда еліміз жасампаздыққа толы жолдан өтті. Қазақстанның шыққан биігі – тұтастай қазақ халқының жетістігі. Әлемде болып жатқан күн сайынғы қоғамдық-саяси өзгерістерді ескерсек, тәуелсіздіктің қадірі мен бағасы арта түсері анық. Егер егемендікке дер кезінде қол жеткізбесек, қазақ халқының бүгінгі рухани-мәдени және экономикалық жағдайы қандай болар еді? Біз осы сұрақ төңірігінде ғалымдар арасында сауалнама жүргізген едік.

Читать далее »

Аманат арқалаған актер

photo_9867

Бүгінде Берік Айтжановты қазақ киносының айнасы деп жүрміз. Бірақ, о тоба, соған қарамастан ол туралы былайғы жұрт жарытып ешнәрсе білмейді. Иә, Алматыда өскен. Әкесі агроном. Ортаншы ұл. Өзінің де отбасы бар. Он нешеме жылдан бері әкемтеатрдың актері. Тағы? «Иә, ғашық болғышпын» дейді ол. «Бірақ, ол туралы айтып, әйел затына қырындау табиғатымда жоқ, сырттай ғана ғашық болып, әдемі сезімдердің әсерімен жүргенді ...

Читать далее »

Байбалам басқа, мақсат басқа

Мәселенің байыбына бармай, босқа шу көтергенше, ең алдымен жаңарған және өзгерістер енгізілген Заңның жерді пайдаланатын барлық тарапқа да тиімді екенін терең түсініп алуымыз қажет. Қазақстанның басым бөлігінде ауыл шаруашылығы жерлері дұрыс пайдаланылмай отырғаны жасырын емес. Мұны ойлап, жаңа технология енгізіп және қомақты инвестиция салып жатқандар қатары аз. Соның салдарынан біз соңғы 15-20 жылда құйқалы жерлердің сапасын айтарлықтай нашарлатып алдық. Еліміздің ...

Читать далее »

Жүргізуші куәлігі оны арнайы курстан өтпей-ақ алуға болады

Ақпарат әлемінде жүргізуші куәлігіне қатысты тосын жаңалық пайда болды. Енді автокөлік жүргізуге қажетті құжат алу үшін арнайы оқу курсынан өту міндетті болмауы мүмкін. Еліміздің Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға тиісті өзгерістер енгізілуіне күш салуда. Соның негізінде әр адам өз бетімен дайындалып, куәлікке қол жеткізуіне мүмкіндік жасалмақ. Жаңа бастаманың ерекше тоқталар тұсы көп. Бастысы, «А» (мотоцикл) және «Б» санаттағы әуесқой жүргізуші ...

Читать далее »

Академик Ғарифолла ЕСІМ: «АБАЙДЫҢ ЗАҢДЫ ЖАЛҒАСЫ – ЖҰМЕКЕН»

«Жұмбақ ақын» аталған Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын зерттеп, «Жұлдызды Жұмекен» деген атпен әдеби-философиялық монографиясын жарыққа шығарған философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім іссапармен Атырауға келгенін естіп, тілдесуге асықтық. Жұмекен жырларындағы көп сыншылардың «тісі бата бермейтін» философиялық ой толғамдарын жеріне жеткізе талдаған академиктің бұдан бұрын шыққан «Хакім Абай», «Данышпан Шәкәрім» атты кітаптары оқырманға кеңінен таныс. Бүгін біз сәті түскен сұхбатты оқырман назарына ұсындық.

- Жұртшылықтың зерттеу еңбектеріңізді оқып, оның философиялық тұрғыдағы терең иіріміне тәнті болып жүргені ақиқат. Абай, Шәкәрім, Мағжан өлеңдерінде, қара сөздері мен ғылыми еңбектерінде кездесетін «Жан» деген түсінікке тереңірек бойлап, ғылыми тұрғыда зерттегеніңізден де хабарымыз бар. «Жан дүниенің жалғыздығы», «Жантану ілімі» деп те жатамыз, осыны Сіз қалай түсіндірер едіңіз? Жұмекенде бұл қалай көрініс тапқан?

Читать далее »

ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖЕҢІСІ

Ұлтымыздың келбетіне айналған Астана биыл он сегізінші мәрте мерейтойын атап өткелі отыр. Тәуелсіздіктің төл туындысына айналған әсем  шаһар  санаулы жылдар ішінде сәулеті мен дәулеті келіскен ірі ресми, мәдени, рухани орталыққа, елімізге  қуат беретін  күретамырға айналды. Бүгінде әлем Астананы Қазақстанмен егіз ұғым ретінде танитын болды. Өйткені, ол еліміздің ішкі және сыртқы саясатында маңызды рөл атқаратын, салмақты шешімдер қабылданатын бүгінгі заманның Бас қаласы деңгейіне жетті. Тәуелсіздікпен бірге түлеген Елорда күні қарсаңында ел таныған тұлғаларға телефон арқылы хабарласып, бірнеше сұрақ қойған едік.

-  Еліміздің  Бас қаласын Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы шешім қандай қажеттіліктен туындаған еді?

- Ғасырлар тоғысында жаңа Астана қаласын тұрғызудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен еңбегін қалай бағалайсыз?

-  Астана әлемдік деңгейде белгілі бір маңызға ие бола алды ма?

Читать далее »

ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ, АКАДЕМИК, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: «ТІЛ МӘСЕЛЕСІ АЛАЙ-ДҮЛЕЙ»

Қазақ журналистикасы үлкен қиындықтарды еңсеріп келеді. Бірақ, тіл мәселесіне келгенде, жағдай әлі күнге дейін алай-дүлей. Сол себепті болуы керек, «орыс тілді журналистикамен арада алшақтық бар» деген пікір әлі күнге дейін айтылып келеді. Сізге бір мысал айтқым келіп отыр. Жақында «Егемен Қазақстан» газетіне «Құндылықтар құлдырауы» деген тақырыпта жазылған мақалам жарық көрді. Бір қызығы, қоғам тарапынан аса талқылау туғыза қоймаған сол мақалаға Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ерекше мән беріп, ұлт мәселесіне қатысты ойланатын, шешілетін мәселелердің көп екендігін еске салды. Осы мақаланы бір сөзін өзгертпестен, орыс тілінде де дайындаған едім. Ол үш айдай кешігіп барып жарыққа шықты. Сол кезде маған орысша оқып, орысша ойлайтындар дүрсе қоя берді. Ал, енді өзіңіз салыстырыңызшы. Демек, қазақ журналистері қоғамдық, елдік, ұлттық  деңгейдегі мәселелерді көтеріп, ол елеусіз қалып жатса, бұл – ақпарат құралдарының емес, оқырманның кінәсі. «Мәселеге назар аудартуға қазақ тілінің мұршасы жетпей жатыр»  дегеннен гөрі, «қазақ тіліндегі ақпаратты оқып, бой ұсынуға қазақ интеллегенциясы ықыласының нашарлығы кінәлі» деп қарауымыз керек.

Читать далее »