Құқық

Прокурорлар алименті төленбеген азаматтарды жұмысқа орналастыруда

20170730043428

Атырау облыстық прокуратурасы «Алименттер. Борышкерлермен күрестің 30 қадамы» атты республикалық жобаны жүзеге асыру жұмыстарын қорытындылады. Жобаны жүзеге асыру барысында прокурорлар алиментке берешек азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читать далее »

Атырау облысының соттарында 1013 қылмыстық іс қаралған

Бітім – татулық негізі

Бұрын сотқа барған жұрт не сотталып, не ақталып шығатын. Қазір көпшілік медиациялық, татуластыру тәсілдері арқылы бітімге келе бастады.  Тағы бір ерекшелік, бүгінде күші жойылған сот актілерінің саны кәдімгідей азайып отыр. Атырауға келген ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жергілікті соттардың басын қосып, кездесу өткізді. Жиында жеткен жетістіктермен қатар, олқы тұстар да айтылды.

Читать далее »

Сіз кімге сенесіз?

Сіз кімге сенесіз

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында кезекті сауалнама жүргізді. «Құқық қорғау органдарына деген сенім» тақырыбындағы сауалнамаға Астана, Алматы және 14 облыс орталығынан барлығы 1966 азамат қатысты.

Читать далее »

Қауіпті ағымның қатері

Дәулет ОСПАНОВ,

Қауіпті ағымдардан қатер бар. Бүгінде 500-ге жуық Қазақстанның азаматы шет елдегі лаңкестердің лагерінде жүр. Діни оқу іздеп, шекара асқан жастар туралы әртүрлі әңгіме айтылады. Облыста жұртты ұйытатын сауатты имамдар жетіспейді. Елдің ішін алатайдай бүлдіріп жүргендер Алланың үйі – мешітте дөрекілік көрсете бастады. Мұның бәрі теріс пиғылдылардың ықпалына қарсы қоғамның жұдырықтай жұмылуын қажет етеді. Жуырда Атырауға келген Дін істері және азаматтық ...

Читать далее »

«Полиция беделі елдің сенімімен өлшенеді»

«Полиция беделі елдің сенімімен өлшенеді»

Атырауда еліміздің әр өңірінен келіп, ұрлық жасағандар ұсталды. Жастары жиі жаға жыртысатын Сағыз ауылындағы (Қызылқоға ауданы) қазіргі ахуал тұрақты. Құлсарының тентектері де айылын жия бастады. Ішімдік ішіп, көлік жүргізетіндер, бас жарып, көз шығарғандар жазадан құтылып кетпейтінін ұғынып отыр. Қылмыстың деңгейі түсіп келеді.

Читать далее »

Атырауда шаруа қожалығы қолынан айырылған қызметкеріне 5 млн теңге төлейді

20170518200122

Атырауда сот шаруа қожалығынан бұрынғы қызметкердің пайдасына 5 млн теңге өндіріп берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читать далее »

Әскердегі бір күн

Әскердегі бір күн-2

«Жауынгерлердің жағдайы жайлы. Курортта демалып жатқандай екен» деді қасымдағы әріптесім әскерилердің тірлігімен жақынырақ танысып жүріп. Шынымен, олардың бүгінгі өмірі бұрынғыға ұқсамайды. Казармалардың іші кең де жарық, тап-таза. Салқындатқыш, теледидар қосулы. Бейнекамералар айналаны алақанға салғандай көрсетіп тұр.  Демалыс бөлмесінде тотықұсқа дейін бар. Ал, сарбаздар Атыраудағы айтулы моншаға кезек-кезегімен барып, шомылады.

Читать далее »

Өзге елдің 522 азаматы Қазақстаннан аластатылды

Шектен шыққан шетелдік

Атырау облысында еңбек мигранттарының саны бір жылдың ішінде екі есеге өсті. Келушілердің дені – бұрынғы кеңестік республикалардың тұрғындары. Көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін шетел азаматтарына 17,6 млн. теңге айыппұл салынып отыр.

Читать далее »

Ұлт тарихын ұлықтауға тиіспіз

Өткен тарихтан тағылым  ала сөйлесек, Қаздауысты  Қазыбектің атағы дәуірлеп тұрған кезде, бір саудагер биді арнайы іздеп, ауылына келіпті. Түстеніп болған соң, әлгі саудагер Қазыбекке: — Сізден бір сыр сұрайын деп едім. Біз бір керуен едік. Өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. Сөздің атасы кім, анасы кім? — депті. Қаздауысты Қазыбек ойланып қалыпты. — Япыр-ай! Өзбектің саудагері ...

Читать далее »