Құқық

ТІЛЕНШІНІҢ ДЕ ТҮРІ БАР…

Базар маңындағы алақанын жайып отырған балалы әйелге жаны ашыған Жанар үйіне әкеле жатқан наны мен қораптағы сүтін қолына ұстата қойған. Аларып бір қараған сыған әйелі шала-шарпы орысшасымен одан да тамақтың ақшасын беруді талап ете бастады. Ұсынғанын кері алған қыз ешкімнің де астан артық еместігі, балалардың тойып тамақтануы керектігі жөнінде аздаған сөз айтып, жөніне жүре берген. Әудем жерге ұзағаннан кейін артынан қарша борап жатқан өктем сөздерден кілт тоқтады. Сыған әйелі оған қарғыс жаудырып жатты. «Ол ақша бермегеннің бәріне осылай сөйлейді» деді осының бәрін бақылап отырған ұялы бірліктер сатушысы. «Не үшін?!» Көңілін қалдырған оқиға ойына түскен сайын Жанар әлі күнге ренжиді.

Читать далее »

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Атырау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Сағат Хасанның баспа бетін жаңа көрген «Ақталған үміт» кітабын оқи отырып, оның қаламгерлік қырына еріксіз тәнті болдық.
1986 жылы Гурьев облысының сақтандыру басқармасына заң консультанты болып келген Сағат Қаламғалиұлы кейін аға заң консультанты, заң және кадр қызметінің бас маманы, бас директордың кадр жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып, 1994 жылы облыстық әділет басқармасына ауысқан. Осы мекемеде әділет басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, 2002 жылы Мақат аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап - облыстық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы.

Читать далее »

«НҰР ОТАН»: ЗАҢГЕР КЕҢЕС БЕРЕДІ

Меморандумға сәйкес «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалымен «Law Companies Group Lunev Waters» Заңгерлік компаниясы бірлескен «Сіздің халықтық кеңесшіңіз» атты жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға заңгерлік кеңес беріледі.Қабылдау күндері – сәрсенбі, бейсенбі, жұма.

Читать далее »

БАЛЫҚТЫҢ «БАРЫМТАШЫЛАРЫ» БАСЫНЫП БАРАДЫ. НЕГЕ?

Халықтың ырыздығы – бағалы балыққа құмартушылардың саны азаймай тұр. Жыл басынан бері құқық қорғау және тиісті орындардың өкілдері 186 тоннадан астам «су маржанын» тәркіледі. Соның 3,7 тоннасы - бекіре тұқымдас балық. Ал, заңсыз айналымнан алынған қара уылдырықтың салмағы 25 килограмды құрайды.
Қасқырға қой «бақтырып» қойыпты

Читать далее »

СЕНІМГЕ ТҮСКЕН СЕЛКЕУ

Бүгінгі күні қоғамның қауіпті дерті ретінде танылып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органның, қала берді, әрбір азаматтың тікелей міндетіне айналды.
Бұл шараға Атырау облысының сот актілерін орындау департаменті де елеулі үлесін қосып, ауқымды шаралар атқарып келеді. Атап айтатын болсам, 2013 жылдың 21 ақпанында департамент пен Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, іс-шара өткізілді. Қаржы полициясының өкілдерімен арнайы дайындалған слайд-шоу көрсетіліп, жемқорлық туралы егжей-тегжейлі түсінік берілді. Осы сияқты меморандум «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен де жасақталып, іс-шаралар бекітілді. Департамент қызметшілерінің арасында тұрақты негізде семинар-сабақтар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп отырады.

Читать далее »

ТЕРМИН ТӘРЖІМАСЫНДА ТҮЙТКІЛ КӨП

Қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың ортасы саналатын Атырау облысында ана тілінің қолданылуы жағынан ешқандай проблема жоқтай көрінетіні рас. Әйтсе де, бұл тілдің дамуына немқұрайлы қарап, арқаны кеңге салудың сылтауы емес. Кеңсе құжаттарын қазақша толтыруда әлі де қолға алатын істер, түзетілетін олқылықтар бар. Бұл жайлар Махамбет аудандық сотында өткен «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу тәжірибелері» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме

Махамбет аудандық сотының төрағасы Әнуар Дәурешов баяндағандай, сотта қаралатын істердің басым бөлігі – қазақ тілінде. Дегенмен, кейбір ұйымдарда әлі де орыс тілінің қолданылуы үстем. Мысалы, шағын несие беру ұйымдарының арыз-шағымына байланысты қаралатын, сондай-ақ, басқа елдің азаматтарына қатысты істер орыс тілінде өтеді.

Читать далее »

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

өйткені, әділ шешім ғана сот беделін арттырады
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттің және Қазақстан қоғамының мүдделерін сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету мақсаты көзделген. Осы жоспарды іске асыру мақсатында сот реформаларын жүзеге асыру үшін көп істер тындырылды. Жалпы, сот саласындағы реформалар хақында Елбасы кешегі съезде көбірек тоқталды.
- Қазақстанда жасалған сот реформасы сот төрелігі жүйесін азаматтар талаптары мен мүдделеріне жақындатты, істерді сотта қараудың сапасын айтарлықтай арттырды. Қазақстандықтардың соттарға деген сенімі арта түсті. Мұны, біріншіден, сот тәртібімен қаралатын істердің саны артқаны көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2000 жылдан бері жылына 1 миллионнан асып түседі. Екіншіден, Қазақстанның сот жүйесіндегі сапалық өзгерістерді БҰҰ қолдауымен өткізіліп келе жатқан әлеуметтік зерттеулер де дәлелдеп отыр, - деді Мемлекет басшысы алқалы жиында.

Читать далее »

ЕНДІ БАҚЫЛАУ ДА КҮШЕЙТІЛЕДІ

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезіндегі айтылған мәселелер турасында Орталық Коммуникация Қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров тұшымды етіп айтып берді.
Елбасы Қазақстан судьяларының алтыншы съезі «Қазақстан –2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыруға кіріскен жауапты тарихи сәтте өтіп жатқанына тоқталған болатын. Сондықтан, Судьялар одағының жаңадан тағайындалған басшысының әңгімесі де алдыменен осы бағытта өрбіді. «Келешекте сот бақылауын тергеу судьясы жүргізетін болады. Ол алдын ала тергеу жұмысын бақылайды. Себебі, бізде көп істер үлкен кемшіліктер мен қателіктермен келіп түседі. Олай болмауы үшін осындай бақылау қажет» деді ол.
Съезде Мемлекет басшысы судьялар корпусының алдына нақты міндеттер қойды. Оның ауқымды, әрі маңызды екендігін одақ жетекшісі әңгімесінің өзегіне айналдырды.

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚАСІРЕТ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекетті іштен обып, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін кесел. Сондықтан да, мемлекет саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы жегіқұртпен күресу болып табылады. Облыстық әкімдікте өткен семинар-кеңесте осы бір әлеуметтік кеселге қарсы күрес жолындағы бірлескен күштерді үйлестіру мәселесі, аталмыш саладағы заңға енген өзгерістер мен толықтырулар сөз болды. 

Читать далее »

«ӘМБЕБАП ПОЛИЦИЯ»: ҮМІТТІ АҚТАЙ МА?

Күні ертең – 1 қарашадан бастап елімізде «әмбебап полиция» қызметіне кіріседі. Тың бастаманың ұйытқысы – Ішкі істер министрінің айтуынша, реформа қоғамдық тәртіптің күшеюіне, жол қозғалысының жөнге түсуіне себепші болады. Жергілікті жерде осынау жаңа іске жауаптылар тағайындалып жатыр. Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шәріпов ескі де, жаңа қызметіне кірісуде. Орынбасары Мұрат Демегенов бұрынғы жұмысында қала берді. Осыған дейін департаменттің жол полициясы басқармасына басшылық етіп келген Мұхамбетжан Оспанов та жаңа басқарма жетекшілерінің бірі. Өзге орынбасардың есімі тиісті министрліктің бекітуінен соң белгілі болады.

Читать далее »