Әлем

БЕЙНЕЖАЗБАНЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

Ғаламторды дүр сілкін-дірген Сирияға аттанған қазақстандық жиһадшылар туралы бейнетүсірілім қазақ қоғамын үрей құшағында қалдырып отыр. Басқасы басқа, шиеттей бала-шағаның адасқандар айтып жүрген «қасиетті соғысқа» қатысы қанша еді? Тобыр-тобырымен бұлар шетке қалай шығып кетіп отыр? «Жиһадшылардың» артында кімдер тұр? Осынау сан сауалдарға орай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz сайтына әскери қақтығыстағы мемлекеттерде шамамен жүз қазақстандықтың жүргенін мәлімдеді.

Читать далее »

ҚАРАҚШЫЛАР ҚАТЕР ТӨНДІРДІ


Сомалийлік қарақшылардың қарекетінен жыл сайын әлем экономикасына келетін шығынның мөлшері 18 млрд.
АҚШ долларын құрайды екен.

Бұл туралы Парламент ассамблеясының кезекті сессиясында НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Рассумен мәлімдеген. Альянс басшысының айтуынша, егер НАТО тарапынан қарсы бағытта  жүргізілген операциялар сәтті жүзеге асырылмаған жағдайда, жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер одан да көп сомада болуы ықтимал көрінеді.

Читать далее »

ДӨҢГЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ

ОРМАН ӨРТІ ӨРШІП ТҰР

АҚШ-тың Айдахо штатының орталық бөлігінде орын алған орман өртінің салдарынан осы аймақты мекендейтін 2250 мың үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Жергілікті атқарушы билік таратқан ақпараттар бойынша «тілсіз жаудың» жалыны 400 шаршы метрге жайылып, ондаған нысан отқа шалынған. Қазіргі уақытта күннен-күнге өршіп тұрған алапат өрттің әлі де 5000-нан астам тұрғынды баспанасыз қалдырып, 3707 құрылыс нысанын от жалмайтын түрі бар. Ал,тұтастай алғанда өрттен келер материалдық залалдың көлемі 8 млрд.АҚШ долларын құрайды.

Читать далее »